$ 494.87  520.65  4.91

Қостанайда электрик тоққа түсіп қайтыс болды

20 жас шамасындағы жігіт «City Kostanay» бизнес орталығына жақын маңдағы подстанцияны жөндеу кезінде қаза тапты деп жазады «Наша газета».

Бұл оқиға 8 қаңтар күні сағат 13:00-де болған.

Кездейсоқ жағдайдың салдарынан ЦУМ және көрші MART сауда орталықтары сағат 17:00-ге дейін жарықсыз қалған. Ал іштегі адамдар толығымен сыртқа шығарылды.

Қостанай облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі қаладағы кәсіпорындардың бірінде электриктің қаза тапқаны туралы ақпаратты растады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары