20 жас шамасындағы жігіт «City Kostanay» бизнес орталығына жақын маңдағы подстанцияны жөндеу кезінде қаза тапты деп жазады «Наша газета».
Бұл оқиға 8 қаңтар күні сағат 13:00-де болған. Кездейсоқ жағдайдың салдарынан ЦУМ және көрші MART сауда орталықтары сағат 17:00-ге дейін жарықсыз қалған. Ал іштегі адамдар толығымен сыртқа шығарылды. Қостанай облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі қаладағы кәсіпорындардың бірінде электриктің қаза тапқаны туралы ақпаратты растады.