$ 494.87  520.65  4.91

Қарағандыда автобус жігіт пен қызды қағып кетті

Қарағандыда автобус жүргізушісі жаяу жүргіншілерге арналған жолақта 25 жастағы бойжеткен мен жігітті қағып кетті. Бұл туралы Іnstagram әлеуметтік желісіндегі patriotkaragandy парақшасында жарияланды.

Оқиға 8 қаңтар күні сағат кешкі 22:00 шамасында болған.

«Жаяу жүргіншілерді Республика даңғылындағы тас жолда қағыпты. Автобус жүргізушісі қыздың аяғын басып кеткен. Жігіт те жарақат алған», – делінген жазбада.

«Менің сіңілім мұғалім болып жұмыс істейді. Автобус оның сол аяғын басып кеткен. Қазір жүргізушімен полиция қызметкерлері айналысып жатыр. Білуімше, ол шахта қызметкерлерін таситын автобус екен. Ал жігітті біз танымаймыз, ол да сіңіліммен бірге жолдан өтіп бара жатқан», – дейді жәбірленуші мұғалімнің әпкесі Анар.

Оқиға болған жерде жол-патрульдік полицейлері мен Оңтүстік-Шығыс Полиция бөлімшесінің қызметкерлері жұмыс жүргізуде.

Ал автобус қаққан бойжеткен мен жігіт ауруханаға жеткізілген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары