$ 443.85  474.3  4.8

Теміртауда 19 жастағы жігіт анасымен бірге тұратын ер адамды пышақтап өлтірген

Теміртауда 19 жастағы жігіт анасымен бірге тұратын ер адаммен жанжалдасып, оған пышақ сұққан деп жазады NUR.KZ.

Бөлек үй жалдап тұратын жігіт анасының үйіне қонаққа кеп, шешесімен бірге тұратын ер адаммен жанжалдасып қалған. Жігіт соңынада оған пышақ сұғып тынған. 

Жедел жәрдем тек таңертең шақырылғаны үшін ер адам көп қан жоғалтып, ауруханада көз жұмды. 

Теміртау қалалық соты осы іске қатысты үкім шығырды. 19 жастағы жігіт кінәлі деп танылып, 8 жылға бас бостандығынан айрылды. 

Сотта марқұмның анасы келіні мен ұлының арасында жиі кикілжің болатынын айтты. Сотталушыдан шешесі 1 миллион 155 мың теңге өтемақы талап етті.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары