«Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 27943 әскери бөлімінің базасында офицерлер құрамын аттестаттаудың пилоттық жобасы іске асырылды. Бұл туралы Skifnews.kz Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Оны ҚР ҚМ Кадрлар департаментінің мамандары әзірледі және тікелей аттестатталатын офицердің командирі жауап беретін 80 сұрақтан тұратын жүйе негізінде құрылған. Сұрақтар аттестатталуышының білім деңгейі мен кәсіби дағдысы, оның әскери тәртібі және тіпті отбасы мен тұрмыстағы мінез-құлқы туралы мәліметтерден тұрады. Жауаптар бес балдық шәкіл бойынша қойылады. Одан кейін барлық бағалар бірыңғай рейтингке қорытындысы шығарылады. Соған бағдарлана отырып, ҚР ҚМ кадрлық қызметі жоғары әскери лауазымға және атаққа ұсыну үшін қажет офицердің біліктілігінің сәйкес келуі, қабілеттілігі мен әлеуетінің болуы туралы толық сипаттама қалыптастырады. Мамандардың пікірінше, аталған жоба офицерлердің шынайы және әлеуетті мүмкіндіктері туралы анағұрлым дәйекті мәлімет алуға мүмкіндік береді және сөзсіз, жеке құрамның кәсіби тұрғыда өсуіне ықпал етеді. Бағалаудың мұндай жүйесі бірнеше жылдар бойы Түркия мен АҚШ-тың Қарулы Күштерімен сәтті іс жүзінде қолданылып жүр. Елімізде офицерлер құрамының кезекті аттестатталуы шеңберінде Құрлық әскерлері мен Әуе қорғанысы күштерінің төрт әскери бөлімінің базасында алғаш рет сынамаланды. Осы жылы Қарулы Күштердің офицерлер корпусының жоспарлы аттестатталуы 2015 жылғы қаңтардың 12-і мен қарашаның 1-і аралығында екі кезеңде өтетінін естеріңізге сала кетейік. 2015 жылғы қаңтардың 12-і мен маусымның 1-і аралығында батальон (дивизион), бөлім командирлері және олардың орынбасарлары лауазымдарында әскери қызмет өткеріп жүрген офицерлер, сондай-ақ қызметте және жеке мінез-құлқында елеулі кемшіліктері бар офицерлер өтті. Екінші кезеңде 2015 жылғы маусымның 1-нен қарашаның 1-не дейін барлық қалған офицерлер құрамы аттестаттаудан өтетін болады.