Астана әкімі Бақыт Сұлтанов қалалықтардың орташа жалақы мөлшері қанша екенін айтты деп жазады Tengrinews.kz.
Қала басшысы 1998 жылдан бері жұмыссыздық деңгейі 12,8 пайыздан 4,5 пайызға дейін төмендеген. Бұл - республикадағы ең төменгі көрсеткіш.
«Егер 20 жыл бұрын орташа айлық мөлшері 10 мыңға да жетпейтін болса, бүгінде 230 мың теңгеден асады», – деді Сұлтанов қала активімен өткізген жиналыста.
Әкім әлеуметтік инфрақұрылым ауқымды жобасының құрылысы аясында 20 жылда 20-дан аса республикалық және қалалық денсаулық сақтау нысандары және 30-дан аса балабақша мен мектептер салынғанын атап өтті.
Әкімнің айтуынша, осы жылдардың аралығында қала көлемі 3 есе ұлғайған, тұрғын үй құрылысы 19 есе көбейген, халық саны 4 есе көбейді.