10.01.2019, 05:44

Алматы – Қапшағай тас жолында 30 автокөлік соқтығысты (ВИДЕО)

Алматы облысында 30 автокөлік соқтығысты  деп хабарлайды Tengrinews.kz өңірлік полиция департаментіне сілтеме жасап.  

Алдын ала болжамға сәйкес, жол-көлік оқиғасы Алматы - Өскемен тасжолының (Алматы - Қапшағай) 20-шақырымында болған. Солтүстік бағытта жол апаты болу себебінен, кептеліс орнады.  

«Оқиға орнында полицейлер мен дәрігерлер жұмыс істеп жатыр. Зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ», - деді Полиция департаменті баспасөз қызметінің өкілдері.