$ 514.65  544.6  5.17

Қызылордалық шенеунік тойда ішімдікке масайып қолған

Қызылорда облысы Жаңақорған аудандық аумақтық инспекцияның басшысы қоғамдық орында мас күйде болғаны үшін 6 мың теңге айыппұл арқалады деп хабарлайды Tengrinews.kz МҚІСЖҚА Қызылорда облысы бойынша департаментінің баспасөз хатшысы Бағдат Әбдіқадыровқа сілтеме жасап. 

Баспасөз қызметінің мәліметінше, шенеунік ауылдық елді мекенде тойға барып, күндізгі уақытта мас күйде көшеде жүрген. Сосын оны полицейлер тоқтатып, ұстаған. Кейін оған қатысты ҚР-ның ӘҚБтК-нің 440-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалған. 

«Қызылорда облысындағы Әдеп жөніндегі кеңестің назарына ілініп, кеңестің кезекті отырысында аудандық аумақтық инспекцияның басшысының тәртіптік ісі қаралды. Тәртіптік істі қарау нәтижесімен ҚР мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінде көзделген тәртіптік теріс қылықтарға жол бергені үшін Жаңақорған аудандық аумақтық инспекциясының басшысына «ескерту» түріндегі тәртіптік жазасы берілді», - делінген хабарламада. 

Сондай-ақ, облыстық мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің өкілдері шенеуніктердің әдеп кодексін еске салып, ескерту жасады. 

«ҚР мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінің» 5-тармағының 13-тармақшасында «Мемлекеттік қызметшілер жасағаны үшін заңнамада тәртіптік, әкімшілік немесе қылмыстық жауаптылық көзделген құқық бұзушылықтар мен теріс қылықтарды жасауға жол бермеуі тиіс» және 7-тармағының 1-тармақшасында «Мемлекеттік қызметшілер қызметтен тыс уақытта жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын ұстануға, қоғамға жат мінез-құлық, оның ішінде қоғамдық орындарда адамның қадiр-қасиетiн және қоғамдағы адамгершілікке нұқсан келтіретін масаң күйде болу жағдайларына жол бермеуге тиіс» деп көрсетілген», - дейді облыстық мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің өкілдері.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары