Түркістанда екі қабатты үйде газ-ауа қоспасы жарылып, өрт шыққан. Салдарынан анасы мен баласын күйік шалып, ауруханаға жеткізілді деп жазады ҚазАқпарат.
Облыстық ТЖД мәліметінше, төтенше жағдай 9 қаңтар күні 17:04 шамасында орын алған.
«Үйдегі 50 литрлік газ баллонының ақауынан газ-ауа қоспасы жарылды. Артынша өрт болып, оны сөндіруге 9 қызметкер мен 2 техника жұмылдырылған. Өрт сағат 17:20-да ауыздықталып, 17:35-те сөндірілді. 1993 жылы туған келіншек пен 2017 жылы туған бүлдіршін ауруханада ем қабылдап жатыр» делінген хабарламада.