$ 514.65  544.6  5.17

АҚШ-та 10 жыл комада жатқан әйел сәбилі болды: әкесі медқызметкерлер арасынан іздестірілуде

Аризона штатында 10 жыл комада жатқан әйел сәбилі болды. Полицейлер тергеу жүргізіп, емхана қызметкерлерінен ДНҚ сараптамасын алып жатыр деп жазады ВВС.

Оқиға  Аризона астанасы Финикс қаласының маңында орналасқан Hacienda емханасында болған. Белгілі бір себептермен комаға түскен әйелдің туыстары оны зорлады деп медицина қызметкерлерінен күдіктеніп, арыз жазған. 

Адвокаты баланы емделушінің туыстары бағып отырғанын айтады. 

Емхана басшылығы полицейлерге қылмыскерді анықтау үшін барынша жағдай жасауға сөз берген.

Қазір емделушінің бөлмесіне ер адамдар тек әйел адаммен ғана кіріп шыға алады. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары