Қазақстанда медицина қызметкерлерінің мәртебесі туралы заң болмайды деп жазады informburo.kz.
Оның орнына қазір Денсаулық сақтау министрлігінде жаңа кодекстің жобасы әзірленіп жатыр.
Медицина саласы қызметкерлерінің құқықтық мәртебесі мен әлеуметтік жағдайын көтеруге бағытталған нормалар «Халық саулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексте қарастырылады.