$ 444.22  476.38  4.82

Баласының былығы үшін тағы бір шенеунік қызметінен кетті

Полиция полковнигі Бақытжан Балташев органдағы қызметінен кетті, - деп хабарлайды  ҚР ІІМ баспасөз қызметі.

«Астана қаласында той шеруі кезінде жол ережесін бұзғандары үшін жауапқа тартылды. Аталған факт бойынша жалға алынған автокөлік жүргізушілері мен той иесінің таныстары айыпты деп танылып отыр. Бұл Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Балташевтің ұлының тойында орын алған оқиға екені расталды.

Осы жағдайға байланысты полиция полковнигі Балташев Бақытжан Балғабекұлы өз өтінішіне сәйкес қызметінен босатылды», делінген ІІМ Баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Еске сал кетейік, бұған дейін әлеуметтік желіде қымбат көліктермен елорда көшелерінде ойқастаған жүргізушілердің бейна жазбасы жарияланған болатын. Олар  бірнеше мәрте жол ережесін бұзып, жол апаты қаупін тудырған. Бұл көпшіліктің наразылығын тудырды. Кейін жүргізушілер ұсталып оларға жарты миллион теңге айыппұл салынып, төрт жүргізушінің көлік жүргізу құқығынан айырған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары