$ 494.87  520.65  4.91

Меккеге барғандар елге орала бастады

Меккеге қажылыққа барған 300-ге тарта жерлесіміз Жидда қаласындағы әуежайда ұшақ күтіп отыр деп хабарлайды КТК арнасы.

Құлшылық парызын өтеген отандастарымызды «Мина Тур» және «Саяхат» туристік компаниялары 27 қыркүйек күні елге жеткізуі тиіс болған. Алайда белгісіз себептермен ұшу уақыты кешіктіріліпті.

Бұл мәселеге байланысты Қазақстан Қажылық Миссиясы алаңдауға еш негіз жоқ екендігін, тек Жидда халықаралық әуежайында барлық ұшу кестесінің өзгергенін хабарлады.

«Қазір бүкіл әлем мұсылмандары Мекке қаласынан өз елдеріне ұша бастады.

Сауд Арабия Корольдігі күнтізбені жаңа айдың тууына байланысты белгілейді. Жаңа айдың (біздің елмен салыстырғанда) бір күн кеш көрінуіне орай барлық ұшақтардың ұшу кестесі де бір күнге шегерілді. Кеше Сауд Арабия Корольдігінің Қажылық министрлігі осындай шешім қабылдады. 

Сонымен қатар қажыларға қызмет көрсететін жергілікті мекемелердің автобустарды (қажыларды Меккеден Жидда қаласына тасымалдау үшін) уақытында бөлмеу, ұйымдастыру жұмыстарын жүйелі жүзеге асырмау салдарынан жерлестеріміз әуежайға дер кезінде жеткізілмеді.

Қазір қажыларды ұшыруға қатысты техниакалық себептер шешімін табуда. Бұл туралы Қазақстан қажыларын тасымалдау құқығына ие болған «FlyNas» халықаралық әуекомпаниясының жауапты өкілі Мұхаммед әл-Қарни Қажылық Миссиясының төрағасы Ғылымбек Мәжиев мырзаға мәлімдеді. Енді отандастарымыздың ұшу кестесі бекітілген кесте бойынша жүзеге асырылуда.

Қажылық министрлігінің ұшу уақытын бір күнге шегеру туралы шешімі барлық елден келген қажыларға қатысты екенін хабарлаймыз. Бүгінде қазақстандық қажылар Жидда-Алматы бағыты бойынша тікелей рейспен ұшуда.

Жидда әуежайында кезегін күткен отандастарымыз қажетті ас-сумен қамтамасыз етілді. Фирма басшылары ұйымдастыру жұмыстарын жауапкершілікпен атқаруда», деп мәлімдеді ҚМДБ.                          

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары