$ 494.87  520.65  4.91

Қазақстанда 26 жыл үздіксіз мұғалімдік қызмет атқарғандар 48 жасында зейнетке шығуы мүмкін

Білім және ғылым министрлігі «Педагог мәртебесі» туралы заң жобасында 30 жылдық еңбек өтілі бар ұстаздарды зейнетке ерте шығаруды ұсынып отыр деп жазады Sputniknews.kz.

«Педагог мәртебесі» туралы заң жобасы президенттің тапсырмасымен әзірленген болатын. Білім және ғылым министрлігі әзірлеген заң жобасы шамамен ақпан айында депутаттардың қарауына түседі.

Бүгін Астанадағы мектепте заң жобасын талқылау барысында білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиева құжаттағы негізгі баптарға тоқталды. 

Заң жобасында «педагог белгіленген зейнеткерлік жасқа толғанға дейін педагогикалық жұмысының отыз жылдық өтілі болған жағдайда зейнеткерлікке шығуға әлеуметтік кепілдіктерге ие» деп жазылған. 

Суханбердиеваның айтуынша, отыз жыл еңбек өтілі бар ұстаздар зейнетке ерте шыға алады. Яғни жоғары оқу орындарында оқыған жылдар (4-5 жыл) еңбек өтілі болып саналатындықтан, мұғалімдер бұл әлеуметтік кепілдікке ие болу үшін 26 жыл үздіксіз мұғалім болып жұмыс істесе жеткілікті. Мұны Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы  ұсынған.

Мәселен, 17 жасында жоғары оқу орнына түссеңіз, 21 жасында университетті тәмамдайсыз. Осыдан кейін 26 жыл үздіксіз мұғалім болып жұмыс істесеңіз, 48 жасында зейнетке шығуға құқыңыз бар. 

Бірақ, қазір Суханбердиеваның айтуынша, ұстаздарға таңдау беріліп отыр. 

«Не мұғалімдер отыз жыл еңбек еткеннен кейін зейнетке шығады не әрі қарай жұмысын жалғастырады. Осындай таңдау ұсынып отырмыз. Өйткені, сіздер білесіздер, қазір мұғалімдердің көбі жұмысынан кеткісі келмейді», — деді вице-министр. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары