$ 448.15  483.46  4.86

EXPO-2015 халықаралық көрмесі рекорд орнатты

Италияның Милан қаласында  өтіп жатқан EXPO-2015 халықаралық көрмесіне тәулік ішінде 259 мың адам келді, деп хабарлайды 24.kz.

Айта кетейік, бұл жағдай бұрын-соңды болмаған рекордтық көрсеткіш болып есептеліп отыр. Өткен аптаның жұмасынан бастап дүйсенбіге дейін EXPO қалашығында туристер көбейді. Ұйымдастырушылар көпшілік кептелмес үшін есіктерін бір сағат ерте ашуды әдетке айналдырған. Алайда бәрібір адамдар ұзын-сонар кезекті тұр. Кейбіреулері павильондарға кіру үшін 5 сағаттан күтуге мәжбүр болуда. Түскі үзіліс кезінде мейрамханаларда бос орын табылмайды.

EXPO қалашығын аралаушыларды Жапония, Біріккен Араб әмірліктері, ГФР, Қазақстан және Италия павильондары қызықтырып жатыр.

Қыркүйек айында Миландағы EXPO-ны көруге 4 миллион адам келсе, көрме басталғалы бері 16 миллионнан аса адам барған екен. Сарапшылардың айтуынша қазірдің өзінде Миландағы EXPO-ны соңғы кездегі ең табысты көрме ретінде мойындалып отыр.

Естеріңізге сала кетейік, Италияның Милан қаласында болып жатқан EXPO-2015 халықаралық көрмесі 2015 жылдың 1-ші  мамырында ашылып, осы жылдың 31-ші қазанында аяқталады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары