$ 524.58  551.91  4.93

Германияда аурухананың бірінде босқын жүкті әйелге шабуылдап, іштегі сәбиін өлтірді

Ауғанстаннан шыққан босқын неміс ауруханаларының бірінде жүкті әйелге пышақпен шабуылдаған деп жазады РИА Новости.

Полицияның хабарына қарағанда, оқиға 11 қаңтарда Бад-Кройцнах қаласындағы ауруханада болған. 25 жастағы польшалық азаматша өмірге қауіп төндіретін жарақат алып, оған операция жасалған.

Қазіргі уақытта оның жағдайы ауыр деп бағаланып отыр, іштегі баласы қайтыс болған. 

Шабуылдаған ер адам ұсталып, прокуратура мен полиция тергеу жүргізіп жатыр.

Дереккөз: tengrinews.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары