$ 448.89  477.93  4.76

Ауа райына байланысты еліміздің бірқатар өңірінде ескерту жарияланды

«Қазгидромет» РМК ауа райына байланысты Батыс Қазақстан, Ақмола және Қостанай облыстарында ескерту жариялады деп жазады ҚазАқпарат.

13 қаңтарда  Батыс Қазақстан облысында тұман, бұрқасын, көктайғақ күтіледі, солтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы кей жерлерде 15-20 м/с-ке дейін жетеді.  

Ал 14 қаңтарда Ақмола, Қостанай облыстарының кей жерлерінде жаяу бұрқасын болып, қатты жел соғады деп болжанады. Қостанай облысында жел  15-20 м/с жылдамдықпен соғады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары