$ 494.87  520.65  4.91

«Күнә емес»: Шариғат бойынша қандай жағдайда өтірік айтуға рұқсат?

Шариғат бойынша адамдарға қандай жағдайда өтірік айтуға рұқсат етілген? Бұл сұраққа Islam.kz жауап береді.

Жалпы шариғат бойынша, адам баласына үш жағдайда өтірік айтуға рұқсат берілген. Тіпті, бұл өтірік сөздерді айтқан пенделерге күнә емес, сауап жазылады екен.

Оның алғашқысы - араздасып қалған екі досты татуластыру үшін айтылатын өтірік болса, екіншісі- жаудан құтылу үшін айтылатын өтірік.

Ал үшіншісі - жұбайларды жарастыру үшін ойластырып, айтылатын сөз екен.

Ал бұдан басқа жағдайда өтірік сөйлеу үлкен күнә болып табылады. Тіпті, бір адамды асыра мақтау үшін немесе әңгімеге «тұздық» болсын деп өтірік қосып жіберуге болмайды.

Демек «жұртты күлкіге қарқ қыламын» деп өтірікті әдетке айналдыруға тіптен болмайды. Мұндайдан пайғамбарымыз (с.а.у) сізбен бізді тыйып: «Жұртты күлдіру үшін бір әңгіме айтып, өтірік сөйлейтін адамға нендей өкініш (тозақ болсын)», – деп үш қайтара айтқан.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары