$ 494.87  520.65  4.91

Қазақстан дұрыс тамақтанбайтын он елдің қатарына кірді

Қазақстан дұрыс тамақтанбаудан пайда болатын жүрек аурулары, семіздік және қан қысымының көтерілуі секілді сырқаттардан болған өлім-жітім деңгейі жоғары он елдің қатарына кірді. Бұл туралы versiya.info хабарлайды.

Естеріңізге сала кетейік, дұрыс тамақтанбау – күнделікті тұзы көп тағамдарды пайдаланып, көкөністерді қажетті мөлшерде тұтынбау.

2016 жылы зиянды тағамдарды тұтыну салдарынан Еуропада 2,1 млн адам көз жұмған. Антирейтингтің бірінші орнына Өзбестан жайғасты. Онда жүз мың адамның ішінде 394-і дұрыс тамақтанбайды екен.

Екінші орында Түркіменстан, ал Қырғызстан үшінші болып тұр. Дұрыс тамақтанбайтын елдер ондығына Украина, Молдавия, Әзірбайжан, Беларусь, Тәжікстан, Қазақстан және Ресей елдері кірді.

Ал Еуропада басқа елдерге қарағанда Германия зиянды тағамдарды көбірек тұтынатын болып шықты. Антирейтингтің соңғы орындарына Испания, Израиль және Франция енді. Бұл елдерде адамдар ең алдымен өз денсаулықтарына мұқият қарайтын болып шықты.

«Талшықтары аз мөлшердегі ақ ұннан жасалған тағамдарды жеу соңғы жылдары жүрек ауруларының көбеюіне алып келді», – деп атап өтті Шелли Стефан атындағы университеттің профессоры.

Дереккөз: Хабар24

 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары