$ 494.87  520.65  4.91

Иран санкциялар қыспағынан қашан шығады?

Иран мемлекетіне қатысты мұнай саласындағы санкциялардың қашан аяқталатындығы туралы айту қиын.

Бұл туралы Астанада өтіп жатқан «KAZENERGY-2015» оныншы Еуразиялық форумы аясындағы баспасөз мәслихатында Швейцарлық-нидерландтық компанияның төрағасы Ян Тейлор мәлімдеді.

«Бұл үдеріс бір күндік шаруа емес екені түсінікті. Иранға қатысты мұнай саласындағы санкциялар толықтай тоқтатылуын күтуі керек. Бұл тұрғыда БҰҰ рәсімдері мен банктің санкциялар шешілуі қажет, яғни осы шаралар ақшаны Иранға немесе керісінше Ираннан аудару мүмкіндігі жасауы үшін керек. Осы үдеріс қашан аяқталатындығы туралы айту қиындау. Өкінішке қарай, бұл мәселеде мен шешім қабылдамаймын», – деді Ян Тейлор.

Сондай-ақ, ол  бұл бағыттағы шаралар алдағы жылдың бірінші тоқсанында толық іске асырылмауы да ықтимал екендігін айтты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары