Әлемдік мұнай компаниялары шығындарын 100 млрд. долларға дейін қысқартып жатыр. Бұл туралы бүкіләлемдік мұнай кеңесінің президенті Йозеф Тот мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Бұл салада едәуір құлдырау орын алуда, бағалар жылына 50 пайызға дейін төмендеуде және біздің нарықта бағалардың әлсін-әлсін төмендеуі 2016 жылға дейін жалғасады деп болжануда. Халықаралық энергетикалық агенттік 2015 жылы барлық әлем бойынша жаһандық компаниялар өздерінің шығындарын 100 млрд. долларға қысқартады деп болжауда. Осының барлығы барша әлем бойынша 20 пайыздық төмендеуге алып келеді», - деді Йозеф Тот.
Йозеф Тот сөзіне сүйенсек, мұнай компаниялары қазіргі уақытта өз бюджеттерін қайта қарап жатқандықтан ары қарай да шығындарын азайта бермек екен.
«Мұнай бағасы құлағаннан кейін олар капитал жетіспеушілігіне тап болып отыр. АҚШ энергетика әкімшілігінің ақпараты бойынша, шикі мұнай биржасы 80 жылдардағы деңгейге дейін жетті. Жаһандық экономикалық даму жоспарлағаннан да қатты баяулап кетіп отыр», - деп атап өтті бүкіләлемдік мұнай кеңесінің президенті Йозеф Тот.