Қостанай облысында алкогольдік ішімдік ішкен екі ағайынды жігіт төбелесіп, бірі қаза тапты деп жазады alau.kz.
Полиция қызметкерлері Қарабалық ауданы тұрғынының мәйітін тапқан.
«Екі ағайынды екі жігіт бірге отырып алкогольдік ішімдік ішкен. Алайда, екеуі сөзге келіспей қалады. Сол сәтте бірі екіншісіне жарақат салып, соның салдарынан ол қаза тапқан», – дейді облыстық Полиция департаменті.
Қазіргі уақытта болған оқиғаға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.