$ 494.87  520.65  4.91

2019 жылы дзюдодан өтетін маңызды жарыстардың тізімі жарияланды

Қазақстанның Дзюдо федерациясы 2019 жылы дзюдодан өтетін маңызды жарыстардың тізімін жария етті деп хабарлайды ҚазАқпарат федерацияның Фейсбуктегі парақшасына сілтеме жасап.

2019 жылы 7-12 ақпан аралығында Тараз қаласында 2002-2003 ж.т., жасөспірімдер (ұлдар мен қыздар) арасындағы дзюдодан Қазақстан Республикасының жеке және командалық чемпионаты өткізіледі. 

2019 жылдың 1-6 наурыз аралығында Атырау қаласында 1999-2001 ж.т., жастар арасында  (ерлер мен қыздар) арасында Қазақстан Республикасының жеке және командалық чемпионаты өтеді. 

29 наурыз - 3 сәуір аралығында Ақтөбе қаласында 2002-2003 ж.т., мектеп-интернат оқушылары арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтеді. 

20-21 сәуірде Алматы қаласында Almaty Junior/Cadet Asian Cup өткізіледі. 

3-6 мамырда Өскеменде 23 жасқа дейінгі ерлер мен әйелдер (өтпелі) арасындағы Қазақстан Республикасының ашық чемпионаты өткізіледі. 

6-10 маусымда Орал қаласында Ерлер мен әйелдер арасындағы Қазақстан Республикасының Спартакиадасы (жеке және командалық) өтеді. 

Қызылорда қаласында 14-17 маусым аралығында 2004-2005 ж,т., жасөспірімдер (ұлдар мен қыздар) арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты өтеді. 

Ақтау қаласында 18-19 шілде аралығында Asian Open сайысы өткізіледі. 

Тараз қаласында 27-29 қыркүйек аралығында Б.Ташметовті еске алуға арналған жасөспірімдер арасындағы халықаралық турнир өткізіледі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары