$ 514.65  544.6  5.17

Қазақстан халқының саны 238,9 мыңға өсті

Қазақстан халқының саны 2018 жылдың 1 желтоқсанында 2017 жылғы көрсеткіштен 238,9 мың немесе 1,3% өсіп, 18 млн 376,2 мыңды құрады деп хабарлайды ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті.

Атап айтқанда, есепті кезеңде қала тұрғындарының жалпы саны 10 млн 626,2 мыңға жетіп, жалпы халық санының 57,8%-ын құрады. Ал ауыл тұрғындары 7 млн 750 мың немесе 42,2% болды.

Былтыр қаңтар-қараша айларында республикада 1 жасқа толмаған 2882 сәби шетінеген (2017 жылдың қаңтар-қараша айларында - 2896). 2018 жылдың он бір айында әр 1000 сәбидің 7,86-сы шетінеген. Сәбилер өлімінің негізгі себебі перинаталдық кезеңде туындаған жағдайлар болған. Соның салдарынан былтыр қаңтар-қараша айларында 1474 сәби (жалпы көрсеткіштің 51,1%-ы) шетінеген.

2018 жылдың қаңтар-қараша айларында Қазақстанға көшіп келгендердің саны алдыңғы жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 20,5% азайып, кеткендер саны 11,9% артқан. Елге келушілердің 78,6%-ы ТМД елдерінен келсе, кетушілердің 90,3%-ы Достастық елдеріне кеткен. Ел ішінде көшіп-қонушылардың саны 12,2% азайды. Өңіраралық көші-қонның оң сальдосы Шымкент (38 074 адам), Алматы (31 738) және Астана (17 617) қалаларының үлесіне тура келеді.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары