Қазақстанның Дзюдо федерациясы 2019 жылы дзюдодан өтетін маңызды жарыстардың тізімін жария етті деп хабарлайды ҚазАқпарат федерацияның Фейсбуктегі парақшасына сілтеме жасап.
2019 жылы 7-12 ақпан аралығында Тараз қаласында 2002-2003 ж.т., жасөспірімдер (ұлдар мен қыздар) арасындағы дзюдодан Қазақстан Республикасының жеке және командалық чемпионаты өткізіледі.
2019 жылдың 1-6 наурыз аралығында Атырау қаласында 1999-2001 ж.т., жастар арасында (ерлер мен қыздар) арасында Қазақстан Республикасының жеке және командалық чемпионаты өтеді.
29 наурыз - 3 сәуір аралығында Ақтөбе қаласында 2002-2003 ж.т., мектеп-интернат оқушылары арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтеді.
20-21 сәуірде Алматы қаласында Almaty Junior/Cadet Asian Cup өткізіледі.
3-6 мамырда Өскеменде 23 жасқа дейінгі ерлер мен әйелдер (өтпелі) арасындағы Қазақстан Республикасының ашық чемпионаты өткізіледі.
6-10 маусымда Орал қаласында Ерлер мен әйелдер арасындағы Қазақстан Республикасының Спартакиадасы (жеке және командалық) өтеді.
Қызылорда қаласында 14-17 маусым аралығында 2004-2005 ж,т., жасөспірімдер (ұлдар мен қыздар) арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты өтеді.
Ақтау қаласында 18-19 шілде аралығында Asian Open сайысы өткізіледі.
Тараз қаласында 27-29 қыркүйек аралығында Б.Ташметовті еске алуға арналған жасөспірімдер арасындағы халықаралық турнир өткізіледі.