$ 446.49  475.38  4.79

БҚО-да маньяк туралы желіде тараған әңгімеге полиция пікір білдірді

Оралда WhatsApp әлеуметтік желісі арқылы қалада маньяк жүр деген хабарлама тарала бастады. Бұл әңгімені полиция жоққа шығарып отырғанымен, кейбір тұстары шын екенін айтты деп жазады «Уральская неделя».

Хабарламада Оралдағы теміржол воказалы ауданында белгісіз ер адам әйелге шабуыл жасаған. Оны қылқындырып, өлтірмекші болыпты. Аудиодағы әйелдің айтуынша, мұндай оқиғаға ол екі рет куә болған.

«Менің танысымды қылқындырып өлтіре жаздапты. Қайта аман қалған. Сондықтан көшеде абай болыңыздар», – делінген хабарламада.

Алайда, полиция ауданда маньяктың кезіп жүргені туралы әңгімені жоққа шығарды. Бірақ әйелге белгісіз адамның шабуыл жасағаны туралы ақпаратты растады.

Қазіргі уақытта 40 жастағы әйелге тарпа бас салған белгісіз ер адам іздестірілуде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары