$ 494.87  520.65  4.91

4 проценттік несиеге қалай көлік алуға болады?

Қазақстанның автобизнес қауымдастығы 4 проценттік несиеге көлік алудың шарттарын түсіндірді деп жазады ҚазАқпарат.

Ұйымның вице-президенті Анар Мақашеваның айтуынша, жеке тұлғаларға 4 проценттік автонесие 2-3 жылға беріледі. Оны алғашқы жарнамен де, жарнасыз да алуға мүмкіндік бар. 

«Бүгінде осы бағдарлама бойынша айналымда жүрген қаржының сомасы 34 миллиард теңгені құрайды. Ол - қайтарымды ақша. Бұл дегеніміз, несие алған адам ай сайын төлем жасағанда ол ақша қайтадан айналымға түседі, тағы бір адам автонесие рәсімдей алады. Аталған бағдарлама 20 жылға есептелген. Бұл - өте табысты бастама. Дегенмен, биыл Үкімет тарапынан қосымша 10 миллиард теңге бөлінеді деген үмітіміз бар», - деді А.Мақашева.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары