Ақмола облысында 46 жастағы ер адам өз автокөлігінің ішінде иіс тиіп көз жұмды деп хабарлайды облыстық ПД баспасөз қызметі.
Ведомствоның дерегі бойынша, оқиға 15 қаңтарда Шортанды ауданының Бозайғыр ауылында орын алған.
«1972 жылы туған ер адамның денесі өзінің гаражында тұрған «Ваз-21213» көлігінің ішінен табылды», – деп түсіндірді Ақмола облысының ПД баспасөз қызметінен.
Қазіргі кезде осы оқиғаға байланысты тексеріс жүріп жатыр.
Дереккөз: ҚазАқпарат