17.01.2019, 06:31

Өскеменде тағы бір автобус жолдан шығып кетті

1 апта ішінде облыс орталығында 2 автобус жолдан шығып кетті деп жазады YK-news.kz.

17 қаңтар күні таңертеңгі сағат 7:00-де Сограда жол апаты болды. Куәгерлердің айтуынша, № 6 бағытта қатынайтын жолаушылар автобусы жол жиегіндегі бағанаға соққан. 

Әзірге жаппа шеккен жолаушылар жайлы ақпарат жоқ. 

Еске сала кетейік, 12 қаңтар күні № 71 жолаушылар автобусы жол жиегіндегі жарық шамдары орнатылған бағанаға соққан болатын.