$ 446.49  475.38  4.79

Қытайда екі сағат ішінде 15 жарылыс болды

Қытайдың оңтүстігіндегі Лючжоу қаласы аймағында 15 рет  жарылыс болды, деп жазады 24.kz.

Салдарынан 7 адам ажал құшып, 50-ден астам тұрғын жарақат алды. Жарылғыш заттар ауруханада, базарда, сауда орталығында, автобус стансасы мен түрмеде және шенеуніктерге арналған жатақханада іске қосылған. Жергілікті полиция осы іске қатысы болуы мүмкін деген күдікпен 33 жастағы азаматты қолға түсірді. Оны бұл әрекетке не итермелегені әзірге белгісіз.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары