Ақмола облысы Зеренді ауданының әкімі Мереке Мұстафин мен оның орынбасары ұсталды деп жазады kokshetau.asia.
17 қаңтар күні сағат 18:30-да Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қызметкерлері Зеренді ауданының әкімі Мереке Мұстафин және оның орынбасары Екілас Мұқашевті әкімдік ғимаратында 3 миллион теңге пара алып жатқан жерінен ұстады.
Бұл фактіні Ақмола облысы жемқорлыққа қарсы ұлттық бюросы да растап отыр. Қазіргі уақытта тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр.
Еске сала кетейік, Мереке Мұстафин 2017 жылы 20 желтоқсанда Зеренді ауданының әкімі боп тағайындалған.