18.01.2019, 03:36

Ақмола облысында әкім мен оның орынбасары 3 млн теңге пара алып жатқан жерінен ұсталды

Ақмола облысы Зеренді ауданының әкімі Мереке Мұстафин мен оның орынбасары ұсталды деп жазады kokshetau.asia.

17 қаңтар күні сағат 18:30-да Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қызметкерлері Зеренді ауданының әкімі Мереке Мұстафин және оның орынбасары Екілас Мұқашевті әкімдік ғимаратында 3 миллион теңге пара алып жатқан жерінен ұстады.

Бұл фактіні Ақмола облысы жемқорлыққа қарсы ұлттық бюросы да растап отыр. Қазіргі уақытта тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр. 

Еске сала кетейік, Мереке Мұстафин 2017 жылы 20 желтоқсанда Зеренді ауданының әкімі боп тағайындалған.