$ 498.34  519.72  4.85

Шекара режимін бұзған 67 өзбек ұсталды

Жамбыл облысында шекара заңдылығын бұзған 67 Өзбекстан азаматы ұсталды, деп хабарлайды ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі.

«Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметінің «Оңтүстік» өңірлік басқармасына қарасты Тараз шекара отрядының шекарашылары жергілікті көші-қон полициясымен бірлесе отырып «Нелегал-2015» операциясының аясында жүргізген рейдтік шара кезінде «Жаксылык» елді-мекенінде шекара режимін бұзып жүрген Өзбекстан Республиңкасының 67 азаматын ұстады.

Аталған азаматтар Жамбыл облысы Т.Рысқұлов аудандық ішкі істер бөліміне жеткізілді», делінген баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары