$ 494.87  520.65  4.91

Алматыда газбен жүретін 200 жаңа автобус пайда болады

Алматыда тасымалдаушы компания  газбен жүретін 200 жаңа автобус сатып алмақ деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Мұндай ақпарат мемлекеттік сатып алу порталында жарияланған.

«Техникалық сипатына орай, автобустардың сыйымдылығы үлкен, едендері төмен, кондиционерлермен, видео бақылау камераларымен, мүмкіндігі шектеулі жандар үшін пандустармен жабдықталуы және Евро-5 экологиялық стандартына сай болуы тиіс», – деді хабарламада.

Жалпы, қалада көлікті реформалау аясында 2018 жылы түрлі бағыттар бойынша 479 жаңа автобустар жүре бастады. BRT желісіндегі аялдамаларда алғашқы электронды таблолар пайда болды, оларда қоғамдық көліктің нөмірі, бағыты және аялдамаға қашан келетіні туралы актуалды ақпараттар көрініс тапты.

Қазір Желтоқсан - Төле би - Шығыс айналма жолы - Құлжа трактін қамтитын ұзындығы 13,2 шақырым болатын желінің екінші кезегінің жобалық-сметалық құжаттары жасалып жатыр.

Қоғамдық көлікте қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында жүргізушілер біліктілік Орталығында білімдерін жетілдіруде. Сонымен қатар, автопарктер жүргізушілер үшін бірыңғай форма алды.  

Дереккөз: ҚазАқпарат

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары