Қызылордалық оқушы Әлихан Шәкіман 3D модельдеу арқылы жел генераторының бірегей түрін жасап шығарды жазады ҚазАқпарат.
Әлихан Шәкіман Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12-сыныбында оқиды.
Оның айтуынша, құрылғы конус тәрізді бейнеде жасалған. Сол арқылы жел энергиясын тиімді пайдалануға және атмосфераға бөлінетін зиянды заттарды азайтуға әбден болады.