20.01.2019, 06:38

Өзбек әкімі тамақтану үшін мейрамханадағы өзге клиенттердің бәрін қуып жіберген (ВИДЕО)

15 қаңтарда Ташкент облысындағы қаланың атауымен аталатын "Нурафшон" кафесінде құқық қорғау органдары қызметкерлері әкім тамақтану үшін, келушілердің бәрін шығарып жіберген деп жазады centralasian.org.

Куәгердің айтуынша, оқиға 15 қаңтарда, кешкі 22.00-ден кейін болған. Милиция қызметкерлері келіп, кафеде туған күн тойлап отырған қонақтардың бәрін тез арада шығарып жіберген. Бірақ ешкімге күш қолданбаған.

Сол күні кафеде болған клиенттің бірі оқиғаны видеоға түсіріп, Азаттықтың өзбек қызметіне жіберген.

Видеода жасы 50-ден асқан әйел Санобар Искандарова 2013-2018 жылдар аралығында екі апасы екеуі түрмеде жазасын өтеп шыққанын, туыстарымен бостандыққа шыққан қуанышымен бөлісіп жатқанын айтады. Бірақ оны толық атап өтуге мүмкіндік бермеген.