$ 448.15  483.46  4.86

Қостанай ауданында түтіннен екі ер адам көз жұмды

Қостанай облысы, Қостанай ауданында екі ер адам түтіннен уланып қаза тапты. Қайғылы оқиға 20 қаңтар күні Затабольск ауылында болған деп хабарлайды Қостанай облыстық Төтенше жағдайлар депаратментінің баспасөз қызметі.

«Саяжайдағы үй от жағатын пешпен жылынатын болған. Пештен шыққан түтіннен 50 және 51 жастағы ер адам көз жұмды. Ал, 38 жастағы әйел ауруханаға жеткізілді», – деп хабарлайды Төтенше жағдайлар қызметі.

Оқиғаға байланысты сот-медициналық сараптама жүргізілуде.

Дереккөз: Alau.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары