Солтүстік Қазақстан облыстық ауруханасының дәрігері Мейрам Оспанов өз иті шабуылдаған ер адамның қазіргі жағдайы туралы айтты деп жазады Петропавловск.news.
№3 қалалық ауруханасы травмотология бөлімінің дәрігері Мейрам Оспанов қаңтар күні алабай тұқымдас иттің өз иесіне шабуылдағанын айтады. Иті алдымен әйелін тістемек болған. Күйеуі оны құтқарамын деп өзін құрбан еткен.
«Жәбірленуші көршілері келем дегенше 1 сағат суықта қалған. Сыз өткен, қолы жараланған. Ауруханаға жеткізілгенде жағдайы өте ауыр болды. Бірден жансақтау бөліміне жатқыздық. Қазір жағдайы орташа. Шок алған. Бірақ қазір есін жиды. Алдағы уақытта травмотология бөліміне ауыстырамыз», - дейді Мейрам Оспанов.
Еске сала кетейік, бұған дейін Қостанайда 2 алабайдың күшікті талап өлтіріп тастағаны жайлы жазған болатынбыз.