$ 444.32  473.33  4.76

Бурабайда екі адамды қағып өлтірген полицей өз-өзіне ауыр жаза кесті

Ақмола облысының Бурабай ауданындаполиция қызметкері екі адамды өлтіріп, кейін өзі асылып өлді, деп хабарлайды «Қазақпарат».

Қайғылы оқиға Бурабай кентінде орын алған. Куәгерлердің айтуынша, патрульдік жол полициясының қызметкері екі адамды соғып кеткен.

Соққының қатты болғаны сонша, зардап шеккен екі адам да сол жерде тілге келмес тенжан тәсілім еткен. Ал оларды қағып кеткен полиция қызметкері оқиға орнынан ізін суытқан. Алайда, ол да көп ұзамай өз-өзіне қол жұмсап, асылып өлген.

Болған оқиғаны Бурабай аудандық ІІБ басшысының орынбасары Ербол Егінбаев растап отыр.

Қазіргі кезде аталған фактіге байланысты тергеу амалдары жүргізіліп жатқан көрінеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары