Жаңалықтар 22.01.2019 сағат 12:11

Алматыда мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған орталықтың директоры пара алды деген күдікке ілінді

Білім басқармасының «Алматы қалалық мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған реабилитациялық орталығының» директоры пара алды деген күдікке ілінді деп жазады Tengrinews.kz.

Алматыда мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған орталықтың директоры пара алды деген күдікке ілінді
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайласжемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Жанна Бастарова хабарлады.

 «Алматыдағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департаменті сотқа дейін тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Директор 2018 жылдың ақпан айынан желтоқсан айына дейін болусышылық жасағаны үшін қызметкерлерінен 1,6 милллион теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінді», – деді брифингта Бастарова.

Оның айтуынша, істі тергеу барысында директор өз кінәсін мойындады. Оған қоса, оның сөзінше пара алды деп Алматы облысы Әділет департаментінің атқару өндірісін қамтамасыз ету басқармасының басшысы күдікке ілінді.

«Ол жеке тұлғадан жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға лицензия алу үшін және тағылымдамадан өтті деген құжатты алу үшін 150 мың теңге пара алды деген күдікке ілінді», – деді Жанна Бастарова.

Оның айтуынша, күдікті өзінің кінәсін толығымен мойындағаны үшін қамауға алынбады. Тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Қызықты материалдар