$ 448.89  477.93  4.76

Министр инспекторды құтқаруға неліктен тікұшақ жеткізілмегенін айтты

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Үкімет кулуарында броконьерлер соққыға жыққан инспекторды аман алып қалу неліктен мүмкін болмағанын айтты деп жазады BAQ.KZ.

«Кеше Ішкі істер министрлігі қорықшы қайтыс болған күні Астанаға әкелуге санитарлық авиация ұша алмайтын жағдай болды деп айтты. Шынымен де сол күні тікұшақты көтеру мүмкін болмады ма? Тіпті сол ауылға қаладан жедел жәрдемді шақыру да мүмкін болмапты», - деп сұрады журналистердің бірі министрден.

«Біз тиісті ақпарат бердік. Жалпы санитарлық авиация «Қазәуеқұтқару» ішкі істер министрлігіне қарайды. Техникалық мүмкіндіктерге қарағанда, түнгі уақытта және ауа райына байланысты ұшуда қиындықтар болады. Әрине, бұл қауіпсіздік мәселесі. Өкінішке қарай, біздің тарихымызда сондай өкінішті жағдай бар. Тікұшақты көтергенімізде дәрігерлер мен науқастан айырылып қалғанбыз. Мұндай жағдайда жергілікті жедел жәрдем стансаларын қосамыз. Осы жағдайда, біз аудандық ауруханада науқастарды күткенбіз, бірақ олар тікелей қалаға жүріп кеткеннен кейін, біз қаладан көлікті жіберіп, қаланың кіреберісінде қарсы алдық. Әрі қарай ауруханаға жеткізгенбіз. Бірақ өкінішке қарай жарақаттары қауіпті болғаннан кейін қайтыс болды», - деді Денсаулық сақтау министрі.

БАҚ өкілдері министрден қанша уақыт жоғалтқандарын сұрады. 

«Осынша сағат жоғалттық деп айтуға болмайды, менің ойымша. Айдалада болғанан кейін тікелей жеткізуге техникалық мүмкіндік болған жоқ. Жоғалтты деп айтуға болмайды», - деп жауап берді Біртанов.

Министр оқиға орнына реанимобиль жіберу тиімсіз болатынын айтты. 

«Өйткені біз реанимобиль жібергенше, одан да көп уақыт өтеді. Яғни мұндай жағдайда уақыт жоғалтпас үшін өз күштерімен жеткізе бастағаны дұрыс болған шығар. Оның үстіне, оқиға далада болған. Ал бізде далада аурухана жоқ. Бізде аудандық ауруханалар бар. Аудандық ауруханадағылар оны күткен. Бригадаға хабар берілген. Бірақ олар тікелей қалаға жол тартты. Тиісінше уақыт жоғалтып алды. Бірақ қаладан көлік жіберілді. Сондықтан мен бұл жерде санавиациның ұшуына рұқсат етпеді, немесе медициналық көмек дұрыс көрсетілмеді деген сияқты спекуляцияға орын жоқ деп ойлаймын. Жарақаты ауыр болды. Барлық қызметкер қолдарынан келгенін аянып қалмады. Өкінішке қарай пациентті жоғалтып алдық», - деді министр. 

Журналистер шалғай ауылдарға ортақ проблема осы ма деп сұрады.

«Әр ауданда жедел жәрдем көмегі бар. Бірақ бұл байланысқа, ауа райына байланысты. Енді бұл жағдайды түсіну керек қой. Ешкім үйде жатып, науқасқа көмек көрсетпеймін деген жағдай болған жоқ. Біз барлық мүмкіндікті пайдаланып, науқасты құтқаруға күш салдық. Өкінішке қарай, осындай жағдай», - деп жауап берді Біртанов.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары