Ақтау қаласындағы Халықаралық әуежай аумағында өрт шықты деп хабарлайды ҚР ІІМ ТЖК-нің баспасөз қызметі.
Маңғыстау облыстық төтенше жағдайлар департаментіне өрт шыққаны жайлы хабар 23 қаңтар күні сағат 02:14-те түскен.
«Әуежайдың істен шыққан ескі терминалының 380 шаршы метрі өртенді.
Қызыл жалын сағат 03:27-де сөндірілді. Жапа шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Өрттің қалай шыққаны анықталып жатыр», - дейді ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов.