23.01.2019, 06:42

Алдағы күндері қар жауып, бұрқасын болады – синоптиктер

Синоптиктер 24-26 қаңтар күндеріне арналған ауа райы болжамын жария етті деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК өкілдері.

Синоптиктердің мәліметінше, алдағы күндері қар жауып, бұрқасын болады.

«Циклон мен антициклондардың тез бірінен соң бірінің ауысуымен байланысты Қазақстанның батыс, солтүстік, орталық және шығыс облыстарында ауа температурасының күрт ауытқуы болжанады. Республиканың оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарында ауа температурасының күрт ауытқуы күтілмейді, бірақ атмосфералық фронттармен бұл аймақтарда жылбысқы қар, таулы аймақтарда қатты қар, көктайғақ және тұман болуы мүмкін», – деді «Қазгидромет» өкілдері.

Сондай-ақ, синоптиктердің мәліметінше, бүгін, 23 қаңтарда Солтүстік Қазақстан облысы бойынша кей жерлерде бұрқасын, тұман, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні кей жерлерде секундына 15-20 метрге дейін жетеді деп болжанып отыр.

Петропавлда да 23 қаңтарда бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстаң соғатын желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетуі мүмкін. 

Дереккөз: Tengrinews.kz