«Қалаулым» реалити-шоуының символы Замира Сұлтанның жүктілігі туралы сыбыс әлеуметтік желілерде желдей есіп жүр. Бұл жайлы өзі не дейді?
«Менің бір ауырып тұрған мезетімді полицейлер түсіріп, таратып жіберген. Аяғы ауыр деп көмектесудің орнына өздері қызықтағандай болды. Мен құсып, берекем кетіп тұрған. Жақындауға қорқады. Бірақ аяғым ауыр емес. Сол видеоға түсірген күні мен өзімді жайсыз сезініп, аяғым ауыр болған шығар деген ой болды. Полицейлер жақындап халімді сұраудың орнына, мені сырттан қызықтап тұрды. Мені мас деп ойлаған болуы керек. Наурызбай ауданының полиция қызметкерлеріне наразымын», – деді Замира.
Замира Сұлтан Алматы қаласы Наурызбай ауданының полиция қызметкерлеріне деген ренішін де жасырмады.
«Кешеден бері осы видео тарап жүр. Сәл кейін Инстаграм парақшамда түсіндіріп жазамын. Өз-өзіме келе алмай жатқанда, табалағандай болған. Менен полицейлердің өздері қорқатын сияқты ғой. Қарапайым адамдарға жігіт бастарымен жақындай алмаса олардың несі полицей болып жүр, бізді қалай қорғайды?!», – дейді «Қалаулымның» атышулы символы.
Дереккөз: Stan.kz