$ 494.87  520.65  4.91

Теміртауда мас күйеуін пышақтап тастаған әйелге сот үкімі оқылды

Теміртауда мас күйеуін пышақтап тастаған 42 жастағы әйелге сот үкімі шықты деп жазады NUR.KZ.

Оқиға былтыр қазан айында болған. Ішімдікке тойып алған күйеуінің ішіне әйелі асхана пышағын тығып алған. Кейін жедел-жәрдем шақыртқан. Ал әйелді полицейлер сол жерде ұстап әкеткен. 

Сотқа дейінгі тергеу жүргізілді. Сотталушы кінәсін толық мойындады. 

Теміртау қалалық соты оны ҚР ҚК-нің «Денсаулыққа қасақана зиян келтіру» бабы бойынша кінәлі деп танып, 3 жарым жылға бас бостандығынан айырды. 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары