Ақтауда 23 қаңтар күні құрылыс кезінде Өзбекстан азаматы көз жұмды деп жазады Nur.kz.
17 шағынауданында «Махаббат» тұрғын үйі кешені аймағында жүргізіліп жатқан құрылыс кезінде жұмысшы абайсызда биіктіктен құлап кеткен.
Маңғыстау облыстық Денсаулық сақтау басқрамасының мәліметінше, жұмысшы оқиға орнына жедел жәрдем жеткенше қайтыс болып кеткен.
«Жедел жәрдем хабарлама түскеннен 2 минуттан соң оқиға орнына жеткен. Алайда, жұмысшы ауыр жарақат алу салдарынан, медициналық қызметкерлері жеткенше көз жұмған», – дейді Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.