Шымкентте жылдам тамақ дайындайтын дүңгіршектен өрт шығып, маңындағы нысандарға қауіп туғызған деп жазады ҚазАқпарат.
Қалалық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін күндізгі сағат 11:30 шамасында Рысқұлов көшесі бойындағы дүңгіршіктен өрт шыққаны туралы хабарлама түскен.
«Темір дүңгіршектің ішінде попкорн, гриль дайындайтын аппарат жанған. Өртті сөндіруге жеке құрамның 27 адамы мен 5 техника жұмылдырылды. Жалын сағат 11:54-те толық сөндірілді. 50 литрлік газ және оттегі баллоны қауіпсіз жерге шығарылды. Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ. Өрттің шығу себептері анықталуда. Өрттің көлемі 6 шаршы метрді құрады», – делінген хабарламада.