$ 449.58  486.94  4.86

Байқоңыр тұрғындары ресейлік полицейлердің өздерін себепсіз сабап тастағанын айтты

Байқоңыр тұрғындары ресейлік полицейлердің себепсіз шүйлігетінін айтып жәбір көрдік деп отыр. Олардың сөзінше, полиция қызметкерлері себепсіз тиісіп, екі жігітті сабап тастаған. Сондықтан қорқып қалдық деп хабарлайды 31 арна.

Жасұлан Қожантаев есімді байқоңырлық жігіт 5 күн бұрын достарымен бірге кешкі уақытта қыдырып жүрген. Осы кезде полицейлер оны және тағы 3 жігітті себепсізден соққыға жығып, сабап тастаған. Салдарынан бетінде тәртіп сақшыларының таяғынан үлкен ісік қалыпты.

Ас Жасұланның анасының айтуынша, соққыдан кейін жарақат алған ұлы бүгінде ауруханада жатыр.

«Ұрып-соғып ішке апарғаннан кейін: «Біз сені таңға дейін ұрып-соғамыз немесе осы жерден шығып, жай ғана құлап қалғаныңды айтасың», – деп айтқан», – дейді анасы Айзада Қожантаева.

5 күн бұрын Байқоңырдағы полицейлер соққының астына алды деген тағы бір азамат – Мәулен Сайлаубаев. Оның сөзінше, бет-аузын тұмшалаған тәртіп сақшылары жұмыста жүрген жерінен алып кеткен.

«Наркологиялық посттың алдында көліктің бір жағына тығып ұрды. Жерге жатқызып, ұрды», – дейді Мәулен Сайлаубаев.

«Неге осындай іске жол беріліп отыр? Неге біз, Қазақстан азаматтары, өз елімізде, өз жерімізде отырып, зардап шегеміз? Неге балалар осылай зардап шегеді?» – дейді жәбірленген жігіттіңт анасы Ғазиза Тәжібаева.

Тұрғындар мұндай жағдай бұған дейін де болғанын айтып отыр. Сорақысы сол, тәртіп сақшылары ел азаматтарын қаланың сыртына шығарып алып сабаған кездері болыпты.

Ал президенттің Байқоңырдағы өкілінің айтуынша, бүгінде осы жағдайдың мән-жайы анықталып жатыр.

«18-19 қаңтарда орыстарда шоқыну мерекесі болды ғой. Соған байланысты тәртіп күшейтілген. Құжаттарды сұраған кезде араларында текетірес болған», – дейді Серік Қожаниязов.

Өкіл таяқ жедік деген азаматтардың ісі тексеріліп жатқанын мәлімдеді. Ал полицейлердің тепкісінде жүрміз деген тұрғындар әділдік үшін ақырына дейін бармақ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары