$ 494.87  520.65  4.91

Ертеңін ойлаған ел бүгінін аяласа керек-ті

– Бүгінгі күн талантты, жігерлі, өзіне сенетін адамдардың, арманға бай және олардың жүзеге асыруға ерік-жігері жететін адамдардың уақыты. Оның үстіне мемлекет жастар үшін барлық жағдайды жасап отыр. Бұдан артық қандай бақыт бар. Расымен, елімізде жастардың, жас отбасылардың жақсы өмір сүрулері үшін жасалып жатқан жағдайлар жеткілікті. Мемлекеттік бағдарламалар да аз емес. Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармалардың жұмысы да жансыз дей алмаймыз. аямайтыны жайлы Дегенмен, болашағынан жарқын жетістік күткен ел жастарына жақсылық, жағдай жасау ешқашан артық болмайды. Олардың көңіл күйі мен ахуалы қоғам назарынан тыс қалмауы тиіс. Ертеңін ойлаған ел бүгінін аяласа керек-ті. Елбасы Н.Назарбаевтың биылғы жылды «Жастар жылы» деп атап, осыған мән беруі соның айғағы іспеттес.  

Кешегі Мағжан атамыз да өзінен кейінгі жастарға үлкен үміт артты. Бойында қайраты бар, білімімен оза шапқан, даналығымен дараланған, көшбасшылығымен сараланған, көрегенділік танытып, жан-жақтылығымен көзге түскен жастардың Тәуелсіздік алып, ел тірегі болатынына кәміл сенді. Бүгінде арманда кеткен арыстардың асыл мұратына жеткізер жастарымыз жетерлік. Тек сол жастарды демеп, қанатын кеңге жаюына мол мүмкіндік жасау керек. Қазақтың «бұлақ көрсең көзін аш» деген жақсы даналығы бар. Білім мен ғылым жолына түсіп, қолына шырақ алып терең ізденістерге бойлаған жастарды жан-жақты қолдап, олардың әрбір жетістігін ынталандыруымыз керек.

Санат САТАЕВ, Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінің экономикалық колледжінің директоры

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары