Кейде өміріміздегі ұсақ-түйек дүниелердің уақытымызды алғаннан басқа еш зияны жоқтай көрінеді. Мысалы, көлік кептелісінде жолда бос тұрғанды ешкім ұнатпайды. Дегенмен, оның басқа да кемшілігі бар болып шықты, әсіресе көлік кептелісінің қоғамдық денсаулық саласына зияны көп көрінеді.
The New York Times жариялаған мақалада автор Техас көлік институты Америка тұрғындары жылына орташа есеппен 42 сағатын көлік кептелісінде өткізетінін жазады. Ал соңғы жүргізілген зерттеулерге сенсек, көлік кептелісі ауаны ластап қана қоймай, адамның денсаулығына кері әсер етеді екен.
«Кептеліс кезінде уақытты босқа өткізгісі келмегендер көлік ішінде басқа іспен айналысып отыратыны айтпаса да түсінікті. Дегенмен, жол кептелісі адамның физикалық денсаулығына да, психологиялық саулығына да әсер етеді», – деп жазады басылым.
Автордың айтуынша, ғалымдардың зерттеуі туралы Қоғамдық экономика журналында көлемді материал жарияланған. Онда тіпті көлік кептелісінің артуы отбасындағы кикілжіңдер мен зорлық-зомбылықтың өсуіне алып келетіні жазылыпты.
Сондай-ақ ғалымдар көліктен бас тартып, жаяу немесе велосипедпен жүретіндер денсаулығын жақсартып, жол қозғалысының кері әсеріне ұшырамайтынын анықтапты.
Дереккөз: ҚазАқпарат